Астанада мерекелік отшашу қашан атылады?

Астанада мерекелік отшашу қашан атылады?
фото: pexels.com

Астанада 3 шілдеде отшашу атылады, - деп хабарлайды елорда әкімдігі. 

Ведомство мәліметінше, Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында, 3 шілдеде ботаникалық бақта салют атылады. Шараның болжамды уақыты сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін.

"Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде "Ұлытау" скверінің аумағынан байқауға болады", - делінген хабарламада.