Әскерде келісімшартпен қызмет етуге онлайн өтініш беруге болады

Әскерде келісімшартпен қызмет етуге онлайн өтініш беруге болады
фото: https://kaznews.kz

       Қорғаныс министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп, "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисін" әзірледі. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда, әскерде келісімшартпен қызмет етуге ниет білдіргендер онлайн өтініш беріп, оны өзінің "жеке кабинетінде" бақылай алады. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған. 

       Жоба авторларының түсіндіруінше, қазір сервисті мемлекеттік дерекқормен біріктіру жұмыстары жүріп жатыр. Сәйкесінше, әскерге бару үшін жинау қажет құжаттар саны қысқарады. Қажетті мәліметтер мемлекеттік дерекқордан тікелей алынады. Дегенмен, жоба авторлары бұл процесс аяқталғанша дейін кей құжат түрлерін PDF форматта тапсыру қажеттілігін де жоққа шығармайды. 
Үміткер өз өтініші бойынша қандай шешім қабылданғанын ұялы телефонына келетін sms жауап арқылы біле алады. Сондай-ақ, хаттар мен хабарламалар оның сервистегі "жеке кабинетінде" сақталады.

       Қазіргі таңда "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі" тесттік нұсқада жұмыс істеп тұр және тек орыс тіліндегі нұсқасы қолжетімді. Сервисте, сондай-ақ, адамдар әскери лауазымы мен өтіліне қарай қанша еңбекақы алатынын да есептей алады.

       https://informburo.kz/kaz