фото: https://pixabay.com/ru/
Ақтау көшелеріне анар, қарақат, шырғанақ, зәйтүн секілді жеміс көшеттері егіледі.
Қазір олар Маңғыстау тәжірибелік ботаника бағында жайқалып тұр. Бағбандар жасыл желектің өнімділігіне бірнеше жыл талдау жүргізіп, жергілікті климатқа бейімділігін байқаған. Таяуда қаланың көрікті жерлері мен қоғамдық орындарда жас тал егу жұмыстары басталады.
Топырағы құрғақ, ауыз су қоры аз Маңғыстауда жеміс ағашы сирек кездеседі. Десек те, бағбандар баптап, бау-бақшаға айналдырған жерлер бар. Маңғыстау тәжірибелік ботаника бағы соның ең ірісі. Аумағы 39 гектар бақша Ақтаудың №10 мөлтек ауданында орналасқан. Мұнда қылқан жапырақты, жемісті, гүлді, сәндік өсімдіктердің түр-түрі өсіп тұр. Кейбірінің 30-40 жылдық тарихы бар.
«Жалпы аймақ климаты жасыл желек егуге қолайлы. Бұл жұмыспен өз ісінің маманы айналысқаны жөн», - дейді бақ қызметкерлері.
Роза Ешжанова, агроном:
- Жеміс талдары бізге бейімделген. Әсіресе біздің Маңғыстауда өрік ағаштары өте жақсы бейімделген. Сұрыптарын мына жерде краснощекий деп айтамыз. Одан және Кутурблукский нежный деген жеміс талдарымыз жетеді осы жерде. Олар өте көп береді жыл сайын. Енді олар да қарап баптағанға, уақытымен суарғанның нәтижесімен жемісін салады.
Соңғы жылдары қара өрік пен алма Қаратау шатқалында жиі кездесе бастады. Сондықтан ғалымдар бұл жеміс ағаштарын Маңғыстау флорасының тізіміне қосты. Қазір шырғанақ, долана, қарақат секілді жергілікті жерге бейімделмеген өсімдік түрлерін өсіруді қолға алды. Жасыл желектің шығымы да жақсы.
Ақжүніс Иманбаева, ҚР ҒЖБМ "Маңғышлақ тәжірибелік ботаникалық бағы" МҚК Бас директоры:
- Біз қазір осы Маңғыстаудың жеріне енгізудің жолын бастадық. Ол жаңа ғана сынақтан өтіп жатыр. Сондықтан, бұл да баладай күтімді қажет ететін дүние. Қазір енді маслина, мына зәйтүн ағашын егіп жатырмыз. 296 күнге дейін Маңғыстау жерінде +10 градус температураны ұстайтын болғандықтан, біз 10 жылдық анализ жасағанда сондай нәтиже берді. Соған байланысты біз қазір субтропиканы енгізіп жатырмыз.
Ақтаудағы тәжірибелік ботаника бағы Ғылым және жоғары білім минстрлігіне қарайды. Кәсіпорында 110 маман жұмыс істейді. Отыздан астамының ғылыми атағы бар. Мұнда жылына 5 мың қылқан жапырақты, 10 мың жапырақты ағаш өсіп шығады. Сондай-ақ 8 мың сексеуіл мен жыңғыл, 3 мыңнан астам раушан және көпжылдық гүлді өсімдік көшеті әзірленеді. Олар мемлекеттік немесе жеке тапсырыс негізінде Маңғыстаудың елді мекендеріне егіліп жатыр.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через