Алматыда тағы да автобус апатқа ұшырады: зардап шеккендер бар

Алматыда тағы да автобус апатқа ұшырады: зардап шеккендер бар
фото: pixabay.com

Алматыда Жангелдин мен Түлкібас көшелерінің қиылысында қоғкамдық көлік пен шағын автобус соқтығысты, деп жазды kaz.inform.kz.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota көлігінің жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Түлкібас көшесіне солға бұрыла бергенде, солтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысты.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, апат салдарынан алты адам медициналық көмекке жүгінген. Жетісу аудандық полиция басқармасы қызметкерлері жол-көлік апатының мән-жайын анықтауға кірісті»,- деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 26 маусым күні Алматыда автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапқан болатын

Жол-көлік оқиғасына «5:32» сериалының продюсері себепкер болған. 

Кейін күдікті деп танылған жеңіл көлік жүргізушісі Анель Сартаева тергеу уақытында үй қамағында болатыны туралы жазған едік.