фото: https://pixabay.com/ru/
Алматыда ескі жиһаздар мен құрылыс қалдықтарын қоқыс алаңдарында қалдыруға тыйым салынады.
Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, қазір қалада контейнерлік алаңдардың іргелес аумақтарында ірі көлемді қоқыстарды жинау өзекті мәселеге айналды. Тұрғындар ескі жиҺазды, істен шыққан тұрмыстық техниканы, сантехникалық бұйымдарды қалдыруды әдетке айналдырған.
«Айта кету керек қоқыс жинайтын машиналар үлкен көлемдегі қоқыстар мен құрылыс қалдықтарын шығара алмайды, өйткені бұл техниканың нығыздау аппаратын істен шығаруы мүмкін.
«Алматы қаласының аумағын абаттандыру ережелеріне» сәйкес ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару кәсіпорындардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың өздері немесе қоқыс шығаратын кәсіпорындар жүргізеді», - деп атап өтті әкімдіктен.
Фото: Алматы әкімдігі
Үйде жөндеу жұмыстарын жүргізетін тұрғындар, сондай-ақ ірі көлемді қоқыстар пайда болған кезде мамандандырылған ұйымдарға хабарласып, ақылы техниканы шақыруы немесе қалдықтарды полигонға өз бетінше шығаруы тиіс.
Полигондар Алматы облысында, Іле ауданында және Қарасай ауданында Айтей ауылында орналасқан.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 505-бабына сәйкес абаттандыру қағидаларын бұзу жеке тұлғаларға – жиырма АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-жиырма АЕК мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкелетінін ескерген жөн.
Алматы Полиция департаментінің ақпараты бойынша, осы бапқа қатысты қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны, инфрақұрылым объектілерін және жасыл желектерді қиратқаны әрі бүлдіргені үшін 2024 жылдың 6 айында 11 577 бұзушылық тіркеліп, 32 749 200 теңгеге айыппұл салынды.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через