Жауын-шашын салдарынан тас жолды су басты

Жауын-шашын салдарынан тас жолды су басты
фото: © Photo : Қазақстан ТЖМ

Алматы облысындағы Кеген ауданында нөсер жаңбыр жауып, жолды су басып қалған.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 16 шілде сағат 15:58-де Кеген ауданы Ақсай ауылының маңындағы таулы аймақта нөсер жаңбыр жауған. Салдарынан 2 жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен.

Жолды тазалау жұмыстарына Кеген, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының арнайы техникалары жұмылдырылды.

"Оқиға орнына ТЖД 17 қызметкері мен 10 техника жедел түрде жұмылдырылды. Сағат 17:00-де жаңбыр тоқтап, су деңгейі түсті. ҚазАвтоЖол жолды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Автокөлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады облыстық әкімдік.

Зардап шеккендер жоқ.

"ҚазАвтоЖол" жолды тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Автокөлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

ҚазАқпарат