фото: pixabay.com
Павлодар перинаталдық орталығында кәмелетке толмаған қыз босанды. Бұл жағдайға аудандық білім бөлімі түсінік беріп, бала құқықтары жөніндегі уәкіл де араласты.
Шарбақты аудандық білім бөлімінің хабарлауынша, қыздың жасы 12-де. Тамыз айында 13 жасқа толуы тиіс. Оқушы қыздың жүкті екенін мұғалімдері де байқаған.
– Мұғалімдері демалыстан шыққан соң байқаған. Қыз бен оның анасы дереу ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады білім басқармасы.
Басқарма ауыл мектебі директорының қызметінен босатылғанын хабарлады. Аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды.
Мектеп оқушысы осы демалыс күндері қыз баланы дүниеге әкелді.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Жағдайға өңірдегі балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова араласты.
– Оқиға биылғы сәуір айында Павлодар облысындағы аудандардың бірінде болды. Мұғалімдер демалыстан келген оқушының іші шығып жүргенін байқаған. Көп ұзамай жүкті екені белгілі болады. Баланың болжамды әкесі де кәмелетке толмаған, қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қыз бұл жаққа жаңадан көшіп келген. Өкінішке қарай, оның өзін қалай сезінетінін, психологиялық және физикалық жағдайы қандай екенін әзірге айта алмаймын, өйткені мен қызды жеке көрмедім және бұл туралы ақпарат құралдарынан білдім, - деді Сәуле Шәкенева.
Полиция департаменті бұл фактіге қатысты әзірге түсінік берген жоқ. Денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімнің қазіргі жағдайы туралы кейінірек хабарлауға уәде берді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через