фото: https://www.pexels.com/ru-ru/
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуға тыйым салу мәселесіне түсінік берді.
Иә, сарапшылар, қаржыгерлер және экономистерден зейнетақы қорындағы артық ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алуды тоқтату керек деген ұсыныстар түсіп жатыр. Себебі ондағы қаржы кіріс болып саналады және оны адам зейнетке шыққанда алады, - деді Тамара Дүйсенова.
Оның сөзіне қарағанда, бұл тек ұсыныс болғандықтан мәселе әлі қаралады.
Бұл мәселе қаралып, талқыға салынады. Мұнда зейнетақы жинағындағы қаржысын ерте шешіп алғысы келетін азаматтар мен зейнеткерлердің мүддесі ескеріледі. Қазір біз бұл мәселені талқылаймыз. Қайталап айтайын, бүгінде бұл тек ұсыныс. Ұсыныс бізге түсті. Уәкілетті орган жұмыс тобын құрды. Менің ойымша, 2-3 айда мәселе қаралады. Жылдың соңында тек ұсыныстар болады, - деп түсіндірді вице-премьер.
https://baq.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через