фото: pixabay.com
Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкентте спирт зауытының қызметін тексеру барысында 81 тоннадан астам есепке алынбаған спирт өндіру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісін анықтады.
Есепке алынбаған спирт суррогат алкоголь өнімін өндіретін адамдарға сатылған.
Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жоспарын орындау аясында өткен шаралар нәтижесінде анықталғандай, мереке және демалыс күндері (сенбі және жексенбі) есепке алынбаған спиртті заңсыз тиеп-жөнелтудің фактілері тіркелді.
Бұл этил спиртін сақтау және өткізу ережесіне қайшы.
Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында аталған спирт зауытының басшысы ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына алкогольді заңсыз сату және қылмыстық жауапкершіліктен босатудағы жалпы қамқорлығы үшін 20 000 АҚШ доллар бір реттік төлем мен ай сайын 1 000 000 теңге сомасында пара ұсынған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Материал kaz.inform.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через