фото: pexels.com
Түркия биылғы Құрбан айтта 9 күн демалады. Жалпыхалықтық демалыс маусымның 23 күні бітеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жылдағы әдет бойынша түркиялықтар Құрбан айтта туған жерлеріне барып, үлкендердің батасын алады.
Жолаушылардың көптігінен жолдарда кептеліс пайда болды. Ел аумағында қосымша ұшақтар, пойыздар мен қалааралық автобус рейстері ашылды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша 32 мыңнан аса полиция қызметкері жұмысқа шықты.
Әли Йылмаз, Жол қауіпсіздігі басқармасы басшысының орынбасары:
Көлік саны күннен күнге көбейіп жатыр. Оқушылардың каникулы мен Құрбан айт қатар келгендіктен демалуға шыққан адамдар өте көп. Сондықтан қауіпсіздік мақсатында үлкен жолдардың барлығында қосымша жылдамдық өлшеу құралдары қойылды. Жолаушылардан жолда абай болуларын, шаршаса демалып, өзінің де өзгенің де өміріне қауіп төндірмеуін сұраймыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через