фото: https://pixabay.com/ru/
Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты іс. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі...»,-деп өсиет қалдырған Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз.
Адамгершілік негізі - имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаманды, ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді ұрпақтың санасына сіңіріп тәрбиелеу әрбір ата-ананың парызы. «Сапалы Қазақстан» порталы отбасындағы ұлттық құндылықтардың дәріптелуі жайлы қала жұртшылығынан сұрап көрген болатын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через