фото: https://www.istockphoto.com/
Шұғыл көмек қажет болса қайтесіз?
SOS дабыл батырмаларына жүгініп көрдіңіз бе?
Ол арқылы тікелей полициямен байланысып көмек сұрай аласыз. Ал сақшы сіздің қайда тұрғаныңызды, жай-күйіңізді құрылғыда орнатылған немесе жақын маңдағы бейнекамералардан көріп отырады.
Таяуда Астана қаласында 6 жасар бала ата-анасынан көз жазып қалып, sos дабыл батырмасы арқылы полиция қызметкерлеріне хабар берген. Жедел қызмет көрсету бөлімі ата-анасын көп ұзатпай тауып, баланы табыстады. Жалпы жыл басталғалы ел бойынша осындай sos дабыл батырмасы арқылы 71 қоңырау түскен.
Дабыл батырмасына шетел азаматтары да жүгіне алады. Жедел басқару орталығында оларға қызмет көрсететін арнайы мамандандырылған полиция қызметкерлері бар.
БЛИЦ:
- Төтенше жағдай кезінде басу қажет. Бірақ мен өзім қолданып көрген жоқпын.
- Оны шұғыл жағдайға тап болған кезде және де когда сенің телефоның жоқ или өзің қалып қойдың. Допусти ол кез келген жағдай болуы мүмкін.
- Көмек қажет кезде батырманы басуға болады. Сол кезде сізге көмек береді.
Бақберген Қалтай, полиция аға инспекторы:
- Астана қаласы бойынша 25 SOS дабыл түймесі орнатылған. Ағымдағы жылда 7 дабыл түймесін оранту жоспарланған. Оның екі дабыл түймесі орантылды. Малахова және Ақбидай көшесінде орнатылған. Мүлік жоғалғанда, ұялы телефондар жоғалған жағдайда немесе белгілі бір тұрақты тұрғын үйі жоқ, мекен-жайы жоқ адамдар жоғалған жағдайда хабарласады.
Алдағы уақытта SOS түймелері бюджет қаражатынсыз орнатылатын болады. Ол үшінші тарап ұйымдарымен бірлесіп іске асады. Бұдан бөлек интернетпен қамтылмаған аймақтарда жұмыс істейтін «Туристке арналған SOS-батырма» қауіпсіздік жүйесін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через