фото: https://pixabay.com/ru/
Қазақстанда жоспарланған аумақтардың 66%-ы шегірткеге қарсы өңделді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ақтөбе және Қостанай облыстарында мониторинг нәтижесі бойынша алқаптарда шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Алға ауданында жоспарланған 41 570 гектардың 39 570 гектары өңделді. Жалпы өңірлерде препарат қоры жеткілікті, техника дайын.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Республикалық жедел штаб отырысында шекаралас аумақтардағы жағдайға ерекше назар аударылды.
"Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында РФ шекарасы бойында 104 км алаңда химиялық өңдеу жүргізілді, барлығы 219 км шекара аймағының 195 шақырымын өңдеу жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Ресей тарапының деректері бойынша Орынбор облысында 22 мың га, ҚР шекарасы бойында 10 км өңделген.
Еске сала кетейік, РФ Орынбор облысынан шегірткенің ұшып келуінің анықталуына байланысты Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай және Ақтөбе облыстарының шекаралас аумақтарын тексерді. Сондай-ақ ол Орынбор облысының ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Жанар Құрманбаевпен бірлескен іс-қимылдарды келісу үшін кездесу өткізді.
Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер шөп қалың өскен Павлодар, Қарағанды және Абай облыстары әкімдіктеріне шегірткелердің таралуына бақылауды күшейтуді тапсырды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через