фото: https://smartnews.kz/
Чжэцзянның Хэндяны қазақстандық фильм түсірушілерді қарсы алды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қытайда қазақстандық фильмнің түсірілімі басталғаны туралы жазған.
People.cn басылымының дерегінше, Чжэцзянның Хэндяны қазақстандық фильм түсірушілерді қарсы алды.
Бірнеше күннен бері, Чжэцзян өлкесі Цзиньхуа қаласы мен Дунян қаласында орналасқан Хэндян кино және телевидение қалашығында қазақстандық «Ең болмағанда кинода» (Хотя бы в кино) фильмінің түсірілім тобы түсіріліммен айналысып жатыр. Hengdian Film and Television Crew Service компаниясының жауапты тұлғасының айтуынша, бұл Хэндянның Қазақстаннан қабылдаған алғашқы фильм түсіру тобы, деп хабарлайды Қытайдың «Халық» газеті.
«Ең болмағанда кинода» фильмінің қытайлық продюсері Ван Сяопин мұның комедиялық сериал екенін айтқан. Қазіргі уақытта түсірілім тобы үшінші бөлімді түсіріп жатыр, негізгі мазмұны - бас кейіпкердің анасының ауруына байланысты Қытайға қытай медицинасын іздеп келіп, қытайлық кунг-фуды үйренгені баяндалады.
«Халық» газетінің келтірген дерегіне сүйенсек, Чжэцзянның орталығында орналасқан Хэндян кино және теледидар индустриясының салыстырмалы түрде толық экологиялық тізбегін құрған. Қытайдың кино және теледидар жұмыстарының үштен екісі осы жерден шығады. Мұнда 1 900-ден астам кинокомпания мен телекомпания орналасқан, осы уақытқа дейін 4 000-нан астам кино түсіру топтарын қабылдады. Мұнда күн сайын ондаған мың белсенді жұмыс жасап жатқан қызметкерлер бар.
https://smartnews.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через