фото: https://www.istockphoto.com/
Біздің еліміздің балабақшаларындағы бүлдіршіндер күндіз ұйықтап, тамақтанып, мультфильмдерін тамашалап жүргенде, қытайлық балабақшаларында бүлдіршіндерді жас кезінен бастап жұмыс істеуге дағдыландырады.
Оларға жасайынан әртүрлі тағамдар дайындауды үйретіп, киімдерін өздеріне жуғызып, бөлмелерін тазалауға машықтандырады.Тұрмыстық құрал саймандарды қолдандыра отырып балабақшаларда баланы еңбекті жақсы көруге, еңбектенуге тәрбиелейді, мәдени және эстетикалық білімге яғни өнерді де үйретуге көбірек көңіл бөлінеді. Тіпті тігін тігумен де айналысып, түрлі себеттер тоқуды мектепке дейін біліп щығады. Бұл балалардың ұсақ моторикасын дамытады. Нәтижесінде мидың екі жарты шары дамиды, сөйлеу, есте сақтау қабілеті артады, қиялдауы, қозғалыстарды үйлестіруі жақсарады.
Сонымен қатар, оларға шығыс жекпе-жегі үйретіледі.Әр таң сайын балалар міндетті түрде дене шынықтырумен айналысады. Қытай балалары сондай-ақ шахматтан, сурет салудан, секіруден бастап, дене мен мидың дамуына бағытталған түрлі ойындарды таңдайды.
Қытай елінде бүлдіршіндер мектепке бармай тұрып-ақ математика мен иероглифтерді оқытуды үйретіп бастайды. Қытайдағы білім жүйесі бойынша балақай бірінші сыныпқа барарға дейін төрт жүзге жуық иероглифтерді жатқа білу керек. Бұдан бөлек оларға табиғат құбылыстары, өсімдіктер мен ағаштардың түрлері туралы да айтылады.
Тәрбешілер бүлдіршіндермен 2 тілде — қытай және ағылшын тілдерінде сөйлеседі. Балалар сабаққа аса ынтазарлықпен қатысады. Өйткені оларға өте қызықты..
Сондай-ақ әр маусымда ата-аналармен бірге банкке, поштаға, фермаға, стоматологияға, тауға шығу, саябаққа барып қыдыру сияқты міндетті іс-шара өтеді. Бұл бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтады.
Қытайда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Сондықтан балабақшаларда міндетті түрде қауіпсіздік сабағы өткізіледі, онда балаларға жер асты дүмпулері басталса, өзін қалай ұстау керектігі айтылады.
Аспан есты елі -- болашақ ұрпағына шынымен қамқорлық жасайтын ел.
Достар қалай ойлайсыз біздің елімізге осындай балабақшалар керек па? Күн сайын көптеген қызықты ақпараттарды білу үшін біздің Стандард.кз порталына жазылыңыз.
Staпdard.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через