фото: pixabay.com
Мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары бәс тіге алмайды. Бұл шектеу шамамен 280 мың адамға қатысты, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан порталы".
Оларға ешқандай ескерту болмайды. Яғни бәс тіккен жағдайда бірден жұмыстан шығарылады.
Фото pixabay.com.
Мұнымен қоса, байланыс операторларына құмар ойындардың жарнамасы бар хабарламаларды жіберуіне тыйым салынды. Сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалау барынша шектелген.
Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет ресурстарына, онлайн-казиноларға тыйым салынды. Енді онлайн-казиноларды ұйымдастырушыларды 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ескерілген, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп жазды kaz.inform.kz.
Заң аясында құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға шектеу қойылған адамдардың тізімі анықталды.
Құмар ойындарға өзіне-өзі тыйым салудың мерзімі бір жылдан 10 жылға дейін ұлғайтылды. Енді, өзіне тыйым салынған мерзімді ерте тоқтату мүмкін болмайды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через