Қазақстандықтар кейбір қалаларға арзан бағамен ұша алады

Қазақстандықтар кейбір қалаларға арзан бағамен ұша алады
фото: © Photo : "Самрұқ-Қазына"АҚ баспасөз қызметі

Qazaq Air авиакомпаниясы құны белгіленген негізгі бағыттарды атады.

"Биыл Qazaq Air авиакомпаниясы бірқатар маршрутты субсидияланған бағамен жүзеге асырады. Қазақстандықтар мен ел қонақтары Қазақстан ішінде қолжетімді бағамен 5 бағыт бойынша ұша алады. Бұл бағыттарға билеттер өңірлік авиатасымалдардың қолжетімділігін арттыру үшін арнайы тарифтер бойынша сатылады",- деп түсіндірдікомпанияның баспасөз қызметі.

Бұл маршруттар:

Алматы - Көкшетау - Алматы (сәрсенбі, жұма, жексенбі). Авиабилеттердің құны - 30000 теңге;

Астана - Петропавл - Астана (күн сайын). Авиабилеттердің құны - 15 000 теңге;

Түркістан - Ақтөбе - Түркістан (дүйсенбі, жұма, жексенбі). Авиабилеттердің құны - 27 000 теңге;

Түркістан - Қостанай - Түркістан (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі). Авиабилеттердің құны - 27 000 теңге;

Жезқазған - Шымкент - Жезқазған (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, сенбі). Авиабилеттердің құны-15 000 теңге.

14 жасқа дейінгі балаларға авиабилеттерге 50% жеңілдік жасалады. Сондай-ақ авиабилеттердің құнына 5 килограмға дейін қол жүгі мен 20 килограмға дейінгі багаж тасымалы кіреді.

Ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару айыппұлсыз рұқсат етіледі.

Билеттерді ресми сайттан, сондай-ақ авиакомпанияның сату кеңселерінен брондауға және сатып алуға болады.

ҚазАқпарат