Қазақстандағы ең үлкен футбол аренасы Шымкентте салынады

Қазақстандағы ең үлкен футбол аренасы Шымкентте салынады
фото: https://pixabay.com/ru/

Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен стадион салынып жатыр, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Жаңа нысанға 35 мың көрермен сыяды.

Бүгінгі таңда еліміздің ең үлкен стадион – "Астана арена", оған 30 мың көрермен сыяды.

Шымкентте қазір Қажымұқан атындағы орталық стадион жұмыс істеп тұр, ол 18 мың адамға арналған және 1969 жылы салынған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұған дейін орталық стадион қайта жаңартылатынын айтқан болатын. Жаңа нысанды екі жыл ішінде - 2026 жылдың ортасына қарай аяқтау жоспарлануда.

ҚазАқпарат