фото: ulysmedia.kz
Қазақстан үкіметі Нұра су құбырын қайта жаңартуға резервтен 3,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді жаңғырту шеңберінде үкімет резервінен Нұра топтық су құбырын қайта жаңартуға 3,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды", - делінген хабарламада.
Ұзындығы 337 км Нұра топтық су құбыры Ақмола облысының бірнеше аудандарындағы 24 елді мекенді сумен қамтамасыз етеді және оған басқа балама жоқ. Су құбыры 1967 жылы салынған, пайдалану мерзімі 2 есе уақыттан асып, 90% тозған. Әсіресе Қорғалжын және Егіндікөл аудандарының аумағы арқылы өтетін учаскеде жағдай тым ушығып тұр. Сол себепте ондағы бас құрылғыларды дереу ауыстырып, қайта жасау керек.
"Үкімет резервінен қаражат Нұра топтық су құбырын қайта жаңартуға бағытталатын. Құрылыс-монтаж жұмыстары жасалып, техникалық және авторлық қадағалауда болады", - делінген хабарламада.
Үкімет Қазақстанда 2,5 млрд текше метрге дейін су жинай алатын 20 жаңа су қоймасы салынатынын еске салды. Бірінші кезеңде Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда және Түркістан облыстарында су қоймаларын салу жоспарланған. Сондай-ақ жалпы көлемі 1,9 млрд текше метр болатын жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасын қайта жаңарту жоспарлануда.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через