Қазақстанда TikTok бұғаттала ма

Қазақстанда TikTok бұғаттала ма
фото: pixabay.com

TikTok, көптеген әлеуметтік желілер сияқты, ойын-сауық алаңы ғана емес, сонымен қатар жарнамалық қызмет арқылы компаниялар мен жеке тұлғаларға белгілі бір табыс сыйлайтын пайда көзі. Тиісінше, осы кірістерден алынатын салықтар мемлекеттік бюджетке түседі, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы. 

nur.kz ұсынған мәліметке сүйенсек, цифрлық жарнамаға Инвестициялар 2023 жылы 54 млрд теңгеге жетіп, теледидар жарнамасын басып озып, бірінші орынға ие шыққан. 

Бұл ретте TikTok платформасына бағытталған жарнамалық бюджеттердің үлесі шамамен 8-9% артқан. 

Осындай жарнамамен кез-келген адам, мейлі ол мектеп оқушысы, мұғалім, үйде отырған әйел, биші не ағаш ұстасы болсын, жасына немесе қызметіне қарамастан айналыса алады. Егер осынау әлеуметтік желі жабылса не болар екен? Бұл мүмкін бе? 

Елімізде TikTok-қа да тыйым салынар күн алыс емес. Алдағы уақытта дүйім елді шулатқан әлеуметтік желіге қатысты жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін. Бірақ қосымша толық бұғатталмайды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов хабарлады. Оның айтуынша, 14 млн қазақстандық қытайлық платформаны пайдаланады. Желіге желімдей жабысқандардың дені жастар көрінеді. Сондықтан қауіпсіздік мақсатында шектеу шаралары қолға алынған.

 Әлеуметтік желіні мүлде қолданыстан алып тастау, бұғаттау күн тәртібінде жоқ. Бірақ заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар орындалмаған жағдайда, қолжетімділікті шектеуге байланысты шара көзделген. Министрлік TikTok өкілдерімен орналастырылатын контент мәселелері бойынша үнемі жұмыс істеп келеді. Қазірдің өзінде азаматтардың қауіпсіздігі үшін бірқатар шектеу қарастырылуда, – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.

 TikTok-ты бұғаттаудың салдарын бағалау қиын. Бұл мәселе мұқият талдауды қажет етеді. Қалай дегенмен, аталған желінің Қазақстан үшін пайда көп пе, зияны ма? Бұл сұрақ жан-жақты зерттеуді талап етеді.