фото: https://7kun.kz
Қазақстанда алтын өндірісімен айналысатын ірі компанияның атауы өзгерді.
Оған ресейлік «Полиметалл» акционерлік қоғамының өз үлесін сатуы себеп . Сондықтан акционерлер шешімімен компанияға «Солидкор Ресосез» деген атау берілді. Бұл өзгеріс алтын өндірісіне қалай әсер етпек? Компанияның әлеуметтік саясаты қалай болмақ?
Бұрыңғы «Полиметалл» қазіргі «Солидкор Ресосез» компаниясы еліміздің алтын өндірісіндегі көшбасшылардың бірі. Осы компанияға қарасты Қостанай облысындағы «Комаров» кенішінен жылына ашық әдіспен 2,7 миллион тонна кен алынады.
"Комаров тау-кен кәсіпорыны" ЖШС атқарушы директоры Қайрат Наурызовтың айтуы бойынша Қазіргі кезде бұл кеніштің қуаты 19 мың текше метр болса, соның 2,5-3 миллион тоннасы шикізат кені. Шамамен бір тонна кеннен 1,5 грамм таза алтын алынады. Бүкіл руда осы өңірдегі Варварин фабрикасына жіберіліп, сол жерде өңделетін көрінеді.
Бұл кен орынының қоры кемі он жылға жетеді. Болашақта Жітіқара ауданы аумағында тағы бір алаңда қазба жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Өндірісті кеңейтуге бағытталған мұнан да басқа инвестициялық жобалар аз емес.
Компания брендінің өзгеруі әлеуметтік саясатқа еш әсер етпейді –дейді мұндағылар. 2016-2023 жылдар аралығында кәсіпорын түрлі әлеуметтік жобаларға бір миллиард тенге жұмсаған.
https://24.kz/kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через