Қазақстан бірнеше елмен визасыз режимді талқылап жатыр

Қазақстан бірнеше елмен визасыз режимді талқылап жатыр
фото: pixabay.com

ҚР Сыртқы істер министрлігі визасыз режимді енгізуге қатысты бірнеше елмен келіссөзді жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазір еліміз визасыз режим бойынша бірнеше елмен келіссөз жүргізіп жатыр. 

Министрліктегі апталық баспасөз мәслихатында тілшілер неше елмен бұл тақырып талқыланып жатқанын сұрады. Бұл тұрғыда ол келіссөз 5-тен астам мемлекетпен жүріп жатқанын айтты.

«Менің ойымша, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарда ілгерілеу болады. Кейінгі 2-3 жылда бірнеше елмен визасыз тәртіпке қол қойдық», - деді А. Смадияров.

Еске салсақ, биыл наурыз айында Қазақстан мен Кипр Сыртқы істер министрлері визасыз режимді енгізуді, сондай-ақ екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасының болашағын талқылады.

Дереккөз kaz.inform.kz.