Қазақ спортшылары Түркияда өнер көрсетті

Қазақ спортшылары Түркияда өнер көрсетті
фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@milena-de-narvaez-ayllon-1496765/

     Қазір ат спорты шеберлерінің біразы Түркияда жүр. 

     Олар мәдени этноспорт фестиваліне қатысып жатыр. Мұндағы бір мақсат - Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақыру әрі насихаттау. 

     Түркиядағы фестивальде ат құлағында ойнаған қазақ спортшылары өнер көрсетті.

     Қонақтарға күзде Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген қазақстандықтар тіккен киіз үй бой көтеріп тұр. Айта кетерлігі, ұйымдастырушылар Ыстамбұлдағы шараға 1 млн кісі келеді деп болжап отыр.

     Фестивальде дәстүрлі спорт түрлері бойынша сайыстар, ұлттық салт-дәстүрлер, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесі өтіп, дәстүрлі әндер орындалып, балалардың ұлттық ойындары ойналмақ. Еске сала кетейік, халықаралық шара төрт күн бойы жалғасады.

     https://24.kz/kz/