"Қалаулым" сияқты бағдарламалардың рейтингі көрерменнің арқасында асқақтап тұр

"Қалаулым" сияқты бағдарламалардың рейтингі көрерменнің арқасында асқақтап тұр
фото: https://www.istockphoto.com/

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Сенат отырысынан кейінгі брифингіде «Қалаулым» тектес бағдарламаларды шектеу мәселесіне пікір білдірді.

«Қарапайым азамат ретінде қарсымын. Мен қарсымын, сондықтан да көрмеймін. Ұнамайтындарға да жай ғана көрмей қоюға кеңес беремін. Сіздер көрмесеңіздер, ол бағдарламалардың рейтингі де болмайды. Сәйкесінше танымал да болмайды. Әрине, цензура жасауға болады. Бірақ Конституцияны, заңды бұзып жетістікке жетуге болмайды», - деді Қанат Ысққақов.

Оның айтуынша, аталған бағдарламалардың рейтингі көрерменнің арқасында асқақтап тұр.

«Сәйкесінше ол компаниялардың табысын өздеріңіз арттырып жатырсыздар. Иә, біз бүкіл контентке мониторинг жүргіземіз. Егер сіз айтқан бағдарламаларда әдеп пен мораль талаптарын бұзатын жанжалдар көрсетілсе, біз келешекте ондай жасамауы керектігі туралы ұсыныс кеңес жібереміз. Оны кеңесті қабылдау, қабылдамау әр редакцияның ар-ұятына байланысты», - деді вице-министр.

https://kaz.inform.kz/