Қалада жылан қаптап кетті

Қалада жылан қаптап кетті
фото: pixabay.com

Шымкентте жылан қаптады. Соңғы айларда құтқарушылардың көмегіне 120 адам жүгінген, деп жазды 24.kz .

Бауырымен жорғалаушылар тұрғын үй мен аулаларға кіріп, жұрттың үрейін туғызып жатыр. 

Жедел құтқару жасағы бұл жағдайға олардың жұптасу кезеңі мен күннің күрт ысуы да әсер етуі мүмкін екенін айтады. Аптап кезінде жыландар жертөле мен туннельдерден де табылды. 

Мамандар оларды арнайы құралдың көмегімен ұстап, қала сыртына шығарып тастады.