фото: pixabay.com
Қазақстан азаматтары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалына немесе ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне медициналық ұйымды, емдеуші дәрігерді көрсете отырып, сапасыз медициналық көмек көрсету фактісі бойынша жүгінуге құқылы.
1414 бірыңғай байланыс орталығына, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына және Қордың fms.kz сайтына 26 мыңнан астам өтініш-шағым келіп түскен. Бұған кеңес алу да кіреді. Көп кездесетін сұрақтардың қатарында медициналық көмекті сапалы көрсетпеу, медициналық көмек көрсетуден бас тарту, дәрі-дәрмектерді беруден бас тарту, жалған жазбалар, МӘМС аясында көрсетілетін қызметтер бойынша кеңес беру бар. Қор мамандары келіп түскен өтініштер мен шағымдарды жеке-жеке қарайды және шешімін жүгінген азаматқа жолдайды. Қажет болған жағдайларда, жоспардан тыс мониторинг жасалады. Оның нәтижелері бойынша фактілер расталса, экономикалық ықпал ету шаралары қабылданады», - деп аталып өткен Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратында.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі бар. Мәселені шешуді талап ететін түрлі жағдайлар туындаған кезде, медициналық сапа бойынша қызметтік тергеу жүргізуге және пациенттің құқықтары бұзылған жағдайда шаралар қабылдау үшін осы қызметтерге жүгінуге болады.
Сапасыз медициналық көмек көрсету фактісі бойынша хабарласқыңыз келсе:
- Қордың ресми сайты fms.kz,
- колл-орталығы 1406;
- Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы;
- Telegram желісінде SaqtandyryBot
- ҚР денсаулықсақтау министрлігі
Мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы. Астана қаласы, Мәңгілік ел 8, Министерлік үйі, 5-ші кіреберіс.
8 (7172) 74-32-40, 74-32-43
Баспасөз қызметі 8 (7172) 74-28-79, 74-32-79, 75-07-48
Сенім телефоны 8 (7172) 74-37-27
Cаll-центр 1406, +7 717 2 76 80 43.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес келіп түскен шағымдар бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
Тексерулер өтініш берушіге медициналық көмек сапасыз көрсетілген жағдайларда тағайындалады. Мысалы: дұрыс емес диагноз қойылды, дұрыс емделмеді, денсаулыққа зиян келтіретін медициналық манипуляция жасалды.
Өтініш беру үшін Сіз медициналық қызмет немесе көмек алғаныңызды дәлелдейтін растайтын құжаттарды (чек, келісім-шарт, үзінді көшірмелер) тіркеуіңіз керек.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через