фото: Фото: ӨР Көлік министрлігі
Өзбекстанда аптап ыстыққа байлынысты пойыздардың жүру жылдамдығына шектеу енгізіледі.
"Температура жоғары болған кезде теміржол рельстері мен олардың болат бөліктері қызады. Жолаушылар мен пойыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы құрамның қозғалыс жылдамдығына шектеулер енгізіледі", - делінген "Узтемирйулйуловчи" компаниясы тартқан хабарламада.
Осыған байланысты компания пойыздардың кешігуі мүмкін екенін ескертті. Сонымен қатар вагондардағы салқындату жүйесін толық қуатта пайдалануға шектеу енгізіледі.
Айта кетейік, кейінгі бірнеше күн қатарынан Өзбекстанда аптап ыстық сақталуда. Орташа температура +44...+46 градус болса, кейбір өңірлерде +48 градустан жоғары.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через