фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@reneasmussen/
Омбы тас жолында жүкті әйелдің толғағы келіп, күйеуі әйелін босандырып алған.
"103" диспетчері перзентханаға бара жатқан 35 жастағы павлодарлық әйелді босандыруға көмектесті. Медициналық топ келгенге дейін ол әйелдің күйеуіне нұсқау берген.
21 сәуірде таңғы алтылар шамасында "103" пультіне жедел қоңырау түскен. Желінің арғы жағындағы ер адам әйелін перзентханаға апара жатқанын түсіндірді. Омбы тас жолының бойындағы Береговое ауылынан келе жатқанда әйелдің суы кетіп, толғағы жиілеген.
Жедел жәрдем көлігінің келуіне екі минут қалғанда салмағы 3,5 келі 52 сантиметрдей ұл бала дүниеге келді. Медициналық бригада жылу тізбегін сақтап, ана мен баланы облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді.
"103" жұмысында жылдамдық өте маңызды. Сондықтан кез келген қиын жағдайда медициналық бригаданы шақыруға жіберген диспетчерлер телефон тұтқасын қоймай, көмекке зәру жандарға жақын қоңырау шалушыларға нақты нұсқау береді", – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.
Жедел жәрдемнің мәліметінше, бұл – биыл үйде немесе жолда дүниеге келген сегізінші бала.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через