фото: https://www.istockphoto.com/
Келесі қазақстандық ғарышқа қашан сапарлайды және қандай мақсатпен ұшпақ? Бұл сұраққа Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов жауап берді.
Өздеріңізге мәлім, бізде бұған дейін ғарыштық 5 бағдарлама болды. Қазіргі таңда ғалымдарымыз 6-шы бағдарламаны жасап жатыр. Яғни жоба дайындық үстінде. Бірақ ол бағдарлама аясында кім ұшады деген сұраққа жауабымыз жоқ. Өйткені халықаралық ғарыш станциясына бару үшін Ресей мен АҚШ тарапынан оның құнын, қандай жағдай жасалу керегін сұрап, білуіміз керек. Бүгінгі таңда сұрақтар бойынша сараптама жасалып жатыр, - деді Оралмағамбетов BAQ.KZ тілшісіне берген жауабында.
Комитет төрағасының сөзінше, Қазақстан тарапы ғарышқа ұшу туралы шешімді бірнеше елмен келісіп барып, қабылдайды.
Өкінішке қарай, елімізде нақты ғарышкерлерді дайындантын оқу орны жоқ. Егер ғарышқа ұшу туралы шешім қабылданатын болса, ол АҚШ немесе Ресейдің арнайы бағдарламасы арқылы ұша алады. Бүгінгі таңда елімізде әртүрлі миссиялар әзірленіп жатыр. Бәрін айта алмаймын, бірақ өте қызықты бағдарламалар бар. Енді олардың арасынан миссияларды іріктеп алуымыз керек, - дейді Аэроғарыш комитетінің төрағасы.
Бұған дейін Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов елімізде пойыздар қашан толығымен интернетпен қамтылатынын айтты.
https://baq.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через