фото: https://baq.kz
8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары UNESCO патронажына алынды.
Алдын ала болжам бойынша елордаға 85-тен астам елден кемінде 2000 қатысушы келеді.
Бағдарлама 20 негізгі және ат спорты, күрес, дәстүрлі садақ ату және интеллектуалды ойындар секілді 10 спорт түрінен жарыстарды қамтиды.
Айтулы шараға спортшылар ғана емес, мәдениет пен ғылым өкілдері де қатысады деп күтіліп отыр.
Көшпенділер ойындары — дәстүрлі ұлттық спорт пен мәдениеттің сақталуы мен дамуында маңызды рөл атқарады.
Сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы мәдени әртүрлілік пен диалогты ілгерілетуге ықпал етеді.
Бағдарлама аясында этномәдени мұраны насихаттауға бағытталған ғылыми конференциялар мен мәдени іс-шаралар жоспарланған.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу UNESCO-ның спорт арқылы денсаулық пен әл-ауқатты жақсартуға бағытталған «Fit for Life» бастамасын іске асыруға жәрдемдеседі.
Сол сияқты материалдық емес мәдени мұраны сақтау мақсаттарына сәйкес келеді.
Айта кету керек, аталған ойындар қазірдің өзінде UNESCO-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген.
Іс-шара аясында UNESCO-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі спорттағы әйелдердің рөлі тақырыбында жоғары деңгейдегі халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырады.
Бұл іс-шара спорттағы гендерлік теңдік пен инклюзияның маңызын баса көрсете отырып, жарыстардың мәдени және ғылыми бағдарламасының маңызды бөлігіне айналады.
Бұған дейін UNISEF 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми серіктесі атанғанын хабарлаған едік.
Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Қазақстанда өтетіні былтыр қазанда белгілі болды.
Ал биыл наурызда алғашқы билет сатылды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через