фото: https://pixabay.com/ru/
Вулканологтар аймақта сейсмикалық белсенділіктің жаңа дәуірі басталды деп есептейді. Бір мезетте әсерлі әрі қорқынышты табиғат құбылысының көрінісін біздің суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.
Рейкьянес түбегіндегі жанартау атқылаған аймақта күшті сейсмикалық белсенділік байқалады. Соңғы екі күнде мұнда 150-ге жуық жер сілкінісі тіркелді. Рейкьянес түбегіндегі жанартау атқылаған аймақта күшті сейсмикалық белсенділік байқалады. Соңғы екі күнде мұнда 150-ге жуық жер сілкінісі тіркелді.
Магма жер асты суларына еніп, Гриндавикте жанартау белсенділігін тудырған кезде Силингарфелл тауының артында түтін көтеріліп жатыр.
Жанартау атқылаған орнында ұзындығы бір шақырымға созылған жарықшақ пайда болды. Одан 50 метр биіктікке дейін ыстық лава шашырап жатыр. Жанартау атқылаған орнында ұзындығы бір шақырымға созылған жарықшақ пайда болды. Одан 50 метр биіктікке дейін ыстық лава шашырап жатыр.
Исландияның оңтүстік-батысындағы жанартау табиғаттың құдіретін көрсететін лава оттарын аспанға атққылап жатыр.
От ағыны Гриндавик қаласы мен "Көгілдір Лагуна" курортына қарай жылжып жатыр. От ағыны Гриндавик қаласы мен "Көгілдір Лагуна" курортына қарай жылжып жатыр.
Рейкьянестегі жанартау алты айдан астам уақыт бойы тынышталған жоқ. Осы уақыт ішінде бес ірі атқылау болды. - Sputnik Қазақстан
Рейкьянестегі жанартау алты айдан астам уақыт бойы тынышталған жоқ. Осы уақыт ішінде бес ірі атқылау болды.
Ғалымдар 30 000-ға жуық адам тұратын Рейкьянестегі жанартау атқылауының бірнеше ондаған жыл, тіпті ғасырлар бойы қайталануы мүмкін екенін ескертеді. - Sputnik Қазақстан
Ғалымдар 30 000-ға жуық адам тұратын Рейкьянестегі жанартау атқылауының бірнеше ондаған жыл, тіпті ғасырлар бойы қайталануы мүмкін екенін ескертеді.
Жергілікті тұрғындар мен туристер қауіпсіз жерге көшірілді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через