фото: pixabay.com
Илон Масктың X.AI компаниясы Мемфисте (Теннесси, АҚШ) әлемдегі ең үлкен суперкомпьютер құрастырады. Бұл туралы WREG жаңалықтар арнасында Үлкен Мемфис Cауда палатасының басшысы Тед Таунсенд мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
«X.AI Gigafactory of Compute («есептеу қуаттылықтарының гигафаборикасы») әлемдегі ең үлкен суперкомпьютер Мемфисте орналасатынын қуана хабарлаймын. Адамдарды Марсқа жіберу үшін қажетті есептеу ресурстарын елестетіп көріңіз. Олар осында Мемфисте болады», - деді ол.
Сауда палатасы басшысының айтуынша, жоба іске асыру үшін Мемфис пен Шелби округінің экономикалық даму органдарынан, Теннесси өзенінің алқабының әкімшілігінен және басқа да бірнеше агенттіктерден рұқсат алу талап етіледі.
Суперкомпьютер жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі жүйелерді жеделдетуге арналған Nvidia H100 графикалық процессорларымен жұмыс істейтіні белгілі. Ол бұрын тұрмыстық техника шығаратын швециялық Electrolux Group компаниясына тиесілі зауытта орналасатыны шамаланып отыр.
Таунсенд X.AI компаниясымен суперкомпьютер жасау туралы келіссөздер осы жылдың наурыз айында басталғанын айтты. Бұған дейін Маск өзінің стартапы 2025 жылдың күзіне қарай суперкомпьютер шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через