ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады
фото: https://www.istockphoto.com/

ІІМ кезекті рет жүргізушілерге үндеу жасады. 

Құрметті азаматтар! Сіздерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырамын! Полиция жол апаттарын болдырмау, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстарын жүргізеді. Осы мақсатта күн сайын трассаларда шамамен 1,5 мың патрульдік полицей қызмет етеді. Экипаждар 50 шақырым сайын орналастырылған. Жүргізушілер көбінесе жол ережелерін елемейді. Жылдамдық режимін сақтамайды. Қарсы жолға шығып кетіп жатады. Мысалы, 5 маусымда Ақтөбе облысында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кетті. Апатқа дейін оны полиция қызметкерлері тоқтатып, жол ережесін сақтау туралы ескерткен болатын. Оқиға салдарынан адам адам қаза тапты. Жүргізушілерді тағы да жолда сақ болуға шақырамын! – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаев.

Baq.kz