фото: bbc.com
Германияның оңтүстігі мен солтүстік Италияда нөсер жауын салдарынан қатты су тасқыны болды.
Еuronews-тің мәліметінше, Германияның кейбір оңтүстік бөлігінде су тасқыны туралы ескертілген. Судың ең жоғары көтерілу деңгейі батыс Швабия, Жоғарғы Алльгоя мен Жоғарғы Баварияда байқалып отыр.
Аугсбургте қатты нөсер мен су деңгейінің көтерілуі салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Жақын арада су деңгейі бірден көтеріледі деп күтілуде. Әсіресе Фиш пен Ланген көбірек зардап шегуі ықтимал, - делінген хабарламада.
Су тасқыны қатері Боден көлінің ауданына да төніп тұр. Меккенбойрен, Баден-Вюртембергтегі 1300-дей адамға эвакуация жасау ұсынылды.
https://baq.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через