фото: pixabay.com
Иттермен сөйлесу енді фантастикалық шығармаларда кездесетін әңгіме емес. Ғалымдар озық нейрондық желілер арқылы иттерді түсінуді үйрену арқылы серпіліс жасады. Олар дауысты тануға арналған бұрыннан бар жасанды интеллект технологияларын бейімдеп, оларды ит дыбыстарына қолданды. Нәтижесінде жасанды интеллект көмегімен иттің тілін түсінуге болады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Америкалық ғалымдар арнайы құрылғы жасап жатыр. Ондағы нейрожүйе төртаяқтылардың үруіне қарай көңіл-күйін ажыратады.
Нәтижелер таңқаларлық: нейрондық желі 74 түрлі ит тұқымын ажырата алды, үй жануарларының жынысы мен жасын анықтай алды және үрудің мәнін — ойнақы, агрессивті және басқаларын түсіне алды.
Бұл жетістіктер адамның жануарлармен қарым-қатынасында жаңа мүмкіндік ашады және төрт аяқты достарымыздың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарта алады.
Фото pr.help.
Болашақта ғалымдар осынау технологияны иттердің қажеттіліктерін олардың дыбыстары арқылы тани алатындай деңгейге дейін дамытуды жоспарлап отыр.
Бұл иелеріне үй жануарларын жақсы түсінуге және олардың қажеттіліктеріне уақтылы жауап беруге көмектеседі.
Ғалымдар осы құрылғыны келешекте иттерден бөлек басқа да жануарларға қолдануға ниетті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через