Эстрада жұлдыздары 3 ай бойы тегін концерт береді

Эстрада жұлдыздары 3 ай бойы тегін концерт береді
фото: pixabay.com

Астанада эстрада жұлдыздары 3 ай бойы ашық аспан астында тегін концерт береді. Ұйымдастырушы  «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы. Мақсат жаз бойы елордалықтар мен қала қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлап, мәдени демалыс ұсыну. Маусым этнофестивальмен ашылды. 

qazaqstan.tv мәлемдегеніндей EXPO іскерлік аумағында жазғы концерттік маусым басталды. Енді әр демалыс күні кешкі 7-ден бастап эстрада жұлдыздар Астана тұрғындары мен қонақтарына әннен шашу шашады. Бұл іс-шара қыркүйекке дейін жалғасады.
 

Гүлжан Сергебаева, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы:

Былтыр мысалы 13 концерт өткізілді. Биыл да біраз концерт өткіземіз деген жоспар бар. Солардың ішінде «101» тобы мен Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева, Мирас Жүгінісов сынды әртістер өз өнерлерін көрсететін болады. Бүгін жазғы сахнаның шымылдығын этнофестиваль ашады.

Сондай-ақ көрме алаңында Garage fest жәрмеңкесі өтті. Мұнда 50-ге жуық кәсіпкер ұлттық нақыштағы бұйымдарды, экосөмкелер мен майшамдар және өзге де тұрмысқа қажетті дүниелер ұсынды. Кәсіпкерлер бұл әлеуметтік жоба алдағы уақытта жалғасын тапса дейді.