Елімізде күн 46 градусқа дейін ысиды

Елімізде күн 46 градусқа дейін ысиды
фото: pixabay.com

Күннің қызуы 46 градусқа дейін көтеріледі. Қазгидромет осылай деп хабарлайды. 

25-26 маусым аралығында елдің батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауады. Соның өзінде ыстық 35-38 градусқа дейін барады. Ал оңтүстікте одан әлдеқайда жоғарылайды. 

Мұның себебі алдағы күндері Иран аймағынан Қазақстанға жылы ауа массалары ене бастайды. 

Алтынзер Есбусинова, «Қазгидромет» РГП инженер-синоптигі: - Алдағы күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары ене бастайды. 25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, 27 маусымда республиканың солтүстігіне аптап ыстық болжанады. Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35-38 градусқа дейін, оңтүстігінде өте қатты ыстық +40-46 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Сонымен қатар 26-27 маусымда Ақмола және Павлодар облыстарында қатты ыстық күтіледі.
 

Дереккөз 24.kz.