Димаштың жолымен: Әлемге әйгілі "Singer" жобасында Рухия Байдүкенова бақ сынайды

Димаштың жолымен: Әлемге әйгілі "Singer" жобасында Рухия Байдүкенова бақ сынайды
фото: Фото: Ертай Нүсіпжанов

Көптеген халықаралық ән байқауының жеңімпазы, әнші Рухия Байдүкенова жаңа белесті бағындырмақ. Енді ол Димаш Құдайбергенге миллиондаған жанкүйер сыйлаған қытайлық “Singer” жобасына қатысады.

"Араға 7 жыл уақыт салып “Singer” сахнасына қайта оралдық. Бұл жолы – Рухия.

4 жыл үзілістен кейін тағы да миллиондаған көрерменге жол тартқан аты әлемге әйгілі музыкалық тележоба осы жылдың мамыр айында басталды. Бұл маусымның басты ерекшелігінің бірі – жоба тікелей эфирде өтіп жатыр. Бағалау халықтың дауыс беруі негізінде болады.

Рухия бүгін, Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де 8-кезеңде өнер көрсетеді. “Топ жару” статусымен келген бірінші шетелдік әншіге қойылған талап бойынша, Рухия алдыңғы 7-кезеңде үздік 4-ке енген әншілердің бірін таңдап, онымен жекпе-жек сайысқа түседі. Бағалаушы барша көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша, жеңсе келесі кезеңге өтеді. Ал, жеңілсе біз үшін сайыс осы тұста аяқталады.

Қалай болғанда да бұл үлкен еңбек, артыс-тартыспен келген жеңіс. Жеңіс дейтінім үлкен сахнада тағы бір қазақ күллі әлемге өнер көрсетіп, Қазақтың атын шығарады. Бұдан асқан жеңіс бар ма, сірә!

Қуан қазақ! Қолда қазақ!", – деп жазды ол.

ҚазАқпарат