Былтыр бір адам орташа есеппен тәулігіне 92 литр су тұтынған

Былтыр бір адам орташа есеппен тәулігіне 92 литр су тұтынған
фото: https://pixabay.com/ru/

2023 жылы Қазақстанда бір тұрғынға шаққандағы орташа тәуліктік су шығыны 92,5 литрді құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше 2023 жылы тұтынушыларға 1 372,8 млн текше метр су жіберілген — алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл 3,1% артық (2022 – 1 330,1 млн текше метр).

Оның ішінде халыққа 671,9 млн текше метр, коммуналдық қажеттіліктерге – 176,6 млн текше метр, өндірістік қажеттіліктерге – 372,4 млн текше метр, басқаларына – 151,7 млн текше метр жіберілді.

Су мөлшері Алматы қаласы (190 млн текше метр), Қарағанды (153 млн текше метр) және Павлодар облыстарының (121,2 млн текше метр) тұтынушыларына көп жіберілген.

"Жалпы ел бойынша бір тұрғынға шаққандағы тәулігіне орташа жіберілген су мөлшері 92,5 литрді — бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,2% артық (2022ж. – 88,7 литр)", - деп жазылған хабарламада.

Бір тұрғынға шаққандағы жіберілген ең жоғары су мөлшер Маңғыстау облысында (тәулігіне 172,1 литр), Шымкент қаласында (156,5 литр) және Павлодар облысында (147,7 литр) байқалды.

Ең төменгі көрсеткіш Жамбыл облысында тіркелді (50,3 литр).

ҚазАқпарат