«Balapan» телеарнасы не ұсынып жүр?

«Balapan» телеарнасы не ұсынып жүр?
фото: https://qazaqstan.tv

       «Белапан» - қазақстанның бірінші балалар арнасы. Телеарнаның басты ерекшелігі тек қазақ тілінде хабар таратады. Білім, ғылым, өнер, спорт, сынды сан саланы қамтитын бағдарламаларды көрсетіп, бүлдіршіндерді тәрбиелеуге атсалысып, қызықты жобалар ұсынып отырған әр отбасының сенімді серігіне айналған телеарна. Телеарна ұжымы «ұрпақ тәрбиесімен қатар, баланың жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруі, физикалық және менталды денсаулығы – балалар контенті өндірушілеріне жүктелген үлкен жауапкершілік». Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен анимация саны мен сапасын арттыру мақсатында 2023 жылдан бастап «Balapan» бюджеті едәуір көбейген. Телеарна жас көрермендер үшін биыл 327 серия анимациялық өнім жасап жатыр. Олардың арасында кішкентай көрермендерді белгілі ғалым Шоқан Уалихановтың ең үздік экспедицияларының бірі болған Қашқария сапарымен таныстыратын «Шоқан» тарихи-этнографиялық мультсериалын, қазақ ертегі-аңыздарындағы кейіпкерлердің шытырман оқиғаларына негізделген фэнтези жанрындағы «Ақжелкен» туындысын ерекше атап өтуге болады. Қазіргі нарық анимациялық фильмдерге толы. Алайда мультфильмдер арқылы қандай құндылық дәріптеліп жатыр? Мұндай дүниелерге мән беріп, зерттеп, зерделеу - «Balapan» телеарнасының негізгі ұстанымдарының бірі. Ұжымның айтуынша, Қазақстанда жасалған мультфильмді Disney туындыларымен салыстыру қиын. Екі елдің мүмкіндігі екі түрлі, нарығындағы жағдай тең емес. Десек те еліміздегі барлық аниматордың арманы – Disneyге лайық дүние жасау.

       Қазіргі уақытта «Balapan» балабақша жасындағы балалар арасында «IBars» зияткерлік ойынын өткізіп келеді. Түсірілімге Қазақстанның барлық өңірінен балалар келіп қатысатын бұл жобаның ерекшелігі –кішкентай көрерменнің когнитивті дамуына көмек береді. Сондай-ақ «Дара бала» мегажобасын ерекше атап өтуге болады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы күзгі маусымда ұсынатын жобаға қатысуға республиканың түкпір-түкпірінен 2 мыңға жуық бала өтінім білдірген. Өнер, спорт, білім, ғылым салаларында асқан дарыны бар, бірақ таныла алмай жүрген және басқа да ерекше қабілеттерге ие балалардың жұлдызын жағатын жобалардың бірі болмақ. Телеарна бала қауіпсіздігі тақырыбында тасада қалдырмаған. Осы тұрғыда «111» деп аталатын мультхикая жасауды қолға алып жатыр. Сюжеті балаға табиғи апаттар кезінде өзін-өзі қалай ұстауды, қоғамдық орындарда, тұрмыста қауіпті заттарға, бөтен адамдарға жоламауды үйретуге арналған анимациялық сериалда қапіпсіздік шаралар түрлі ситуативтік шытырман оқиғалар арқылы беріледі. Ұжым балалар ситкомы да аудитория сұранысына ие екенін айтады. Бұл бағытта арна эфиріндегі «Көңілді отбасы. Күлдір-бүлдір» жобасын ерекше атап өтуге болады. Отбасы құндылықтарын, бауырлар арасындағы татулық пен мейірімділікті, ата-анаға құрметті дәріптейтін жобаның эфирдегі рейтингі де, Youtube желісіндегі қаралымы да жоғары көрсеткішке ие. Тек биылғы бес айдағы көрсеткіш бойынша Tou Tube желісіндегі «Balapan» телеарнасы контенттерінің қаралымы 140 миллионнан асқан. Жалпы телеарнада биыл 20 анимациялық сериал, 15 телебағдарлама, балаларға арналған 5 телехикая өндірісі жоспарланған.

        https://baq.kz/