фото: https://www.pexels.com/ru-ru/
Отбасы банк "Асыл мекен" жаңа ипотекалық бағдарламасын ұсынады.
1. Бағдарлама кімге арналған?
Барлық қазақстандықтар үшін жасы 18-ден 70 жасқа дейін (қарыз мерзімі аяқталған кезде)
- 2. Бағдарлама бойынша тұрғын үйді қайдан сатып алуға болады?
Тұрғын үйді ауылдық елді мекендерден (бұдан әрі АЕМ) сатып алуға болады. АЕМ тізімін Отбасы банкінің Instagram парақшасындағы стористардан таба аласыз.
Бағдарламаның шарттары:
Несиенің ең жоғары сомасы - 10 млн теңге.
Мерзімі 8 жылға дейін.
Несие бойынша мөлшерлеме 5% (ЖТСМ 5.2%-дан 5.8%-ға дейін).
Бірінші жарна қарыз сомасының 10%.
Өтінімді тек онлайн режимінде hcsbk.kz сайтындағы бейне операторлар арқылы алуға болады (storis-ке қалай өтініш беру керектігі туралы толық нұсқаулықты қараңыз). Әр отбасы баспаналы болсын!, - делінген банк хабарламасында.
https://baq.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через