фото: pixabay.com
Еліміздің бас қаласында, романтикалық кешке арналған әдемі әрі ерекше орын таппай жүрсеңіз, үздік 7 орын ұсынамыз, деп жазды kaz.inform.kz.
1. «Бәйтерек» монументі
Астананың ең басты символы саналатын «Бәйтерек», биік мұнарасымен және әсем қаланың көрінісімен романтикалық кештің ең керемет бастауы болмақ. Бәйтеректің биігінен қаланы тамашалап, кешкі жарықтар астында бірге болудың ерекше сәтін сезіне аласыз.
Мекенжайы: Нұржол бульвары, 14
2. Есіл өзенінің жағалауы
Есіл өзені бойымен серуендеу – кешкі саяхат үшін тамаша шешім. Жағалаудағы романтикалық атмосфера, әсем көпірлер және алуан түрлі сәулет ғимараттары ерекше сезім сыйлайды.
Мекенжайы: Есіл жағалауы
3. «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы
Бұл орталық Sky Beach Club жасанды жағажайымен және тропикалық атмосферасымен танымал. Кешкі ас немесе коктейль ішіп отырып, қаланың әсем көрінісін тамашалауға болады.
Мекенжайы:Тұран даңғылы, 37
4. Central Park
Орталық саябақта серуендеп, әсем табиғат аясында романтикалық кеш немесе пикник өткізуге болады. Сонымен қатар, саябақта орналасқан түрлі мейрамханаларда кешкі ас ішуге мүмкіндік бар. Кешке қарай фонтандар атқылап, жарқыраған шамдарымен романтикалық атмосфера сыйлайды.
Мекенжайы: Тұран даңғылы мен Қорғалжын шоссесі қиылысы
5. Astana Opera
Егер классикалық музыка мен операны ұнатсаңыз, Astana Opera театрына бару – ең дұрыс шешім. Керемет қойылымдар мен сәнді интерьер романтикалық атмосфераны толықтырады.
Мекенжайы: Қонаев, 1
6. Wake Park
Су шаңғы тебуге арнайы жабдықталған орын. Егер сіз су шаңғысы немесе серфингпен таныс болсаңыз және оған жақын болсаңыз, онда вейкбординг немесе кабельді вейкбординг – сізге және жұбыңызға ғажайып эмоциялар сыйлайтын таптырмас спорт түрі.
Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 2
7. Ататүрік саябағы
Саябақта жүрек пішінінде жасалған жолдар мен әдемі көпірлер бар. Бұл жерлерде серуендеуге және әдемі фотосессия жасауға болады. Әсем де тыныш саябақ – романтикалық кездесу үшін ең қолайлы мекеннің бірі.
Мекенжайы: Бараев пен Ташенов көшелері қиылысы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через