фото: pixabay.com
Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің (Astana LRT жобасы) қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында дыбыс кедергісі қолданылады.
Қытайлық China construction компаниясы шетелдік бизнес департаментінің бас менеджері Хан Юлонның айтуынша, компания «мөлдір су мен жасыл тау – құнды байлық» жасыл құрылыс концепциясын негізге ала отырып, қоршаған ортаны қорғауға басты мән береді.
- Пойыз тұрғын үйлер және әлеуметтік нысандарға жақын аймақтардан өткен кезде шулы дыбысты тиімді азайту үшін «амортизациялық жол төсемі + дыбыс тосқауылы» технологиясын қолданып, пойыздың шуын 35 децибелден төмен түсіру ойластырылған, - деді Хан Юлон.
Қытайлық China construction компаниясы шетелдік бизнес департаментінің бас менеджері Хан Юлонның айтуынша, LRT желісі Орталық Азиядағы алғашқы жүргізушісіз басқарылатын (автопилот жүйесі) жылжымалы құрам болмақ.
LRT желісінің Есіл өзенін кесіп өтетін жерінде жаңа көпір салынды. Жоба «ғасырлық жоба» стандартына сай болу үшін қытайлық жетекші технология қолданылды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через