Алматыда "көлеңкелі кәсіп" жүргізген 20 мың сауда нүктесі заңдастырылды

Алматыда "көлеңкелі кәсіп" жүргізген 20 мың сауда нүктесі заңдастырылды
фото: https://www.gov.kz

Өткен жылы жергілікті бюджетке 1 647,4 млрд. теңге түсім түсті.

Бұл туралы Алматы қаласы Мәслихатының кезекті XIX сессиясында Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов мәлімдеді.

Қаланың сауда базарларын көлеңкелі бизнестен шығару бюджеттегі қаражат көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Өткен жылы жергілікті бюджетке 1 647,4 млрд. теңге түсім түсті. Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) жүргізген сауда базарларын құжат беру нәтижесінде «көлеңкеден» 19 898 сауда нүктесі шығарылды. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер жарнама есебінен де артты. 2022 жылы сыртқы жарнаманың 60%-ы хабарламасыз және тиісті рұқсатсыз орналастырылған. Нәтижесінде 2023 жылы жарнамадан нақты салық түсімі 4,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 600 млн теңгеге артты,- дейді Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов.

https://baq.kz/