Алатау «ақылды қала» болады

Алатау «ақылды қала» болады
фото: Цифрлық даму министрлігі

     Жұмыс сапары аясында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Алатау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады.

Кездесуге цифрлық даму министрігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Алматы облысы мен Алатау қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ байланыс операторлары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдері қатысты.

Халықпен кездесу барысында министр облысты қолжетімді интернет пен байланыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірде IT-саланы дамыту бөлігінде жүргізіліп жатқан жобалар мен жұмыстар туралы айтты.

Мемлекет басшысы Алатау қаласын флагмандық жобамен айқындады. Дәл осы жерде жетекші халықаралық іскерлік хабқа айналатын жаңа интеграцияланған мегаполис салу жоспарда.

Цифрлық даму министрлігінің басшысы Алатау қаласы «Ақылды қала» екенін атап өтті. 

«Алматы облысында қазірдің өзінде ақылды технологиялар енгізіліп, „Smart City“ тұжырымдамасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта Қонаев қаласында „109“ бірыңғай байланыс орталығы, „Алсеко“ бірыңғай есеп айырысу орталығы жұмыс істейді, барлық автобустарда электрондық билеттеу жүйесі іске асырылды. Мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияның жедел басқару орталығына кіруді басқару және бақылау камералары орнатылған», — деді Жаслан Мәдиев.

https://kaz.inform.kz/