фото: https://ru.freepik.com/author/senivpetro
Абай облысында полицейлер екі адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады.
Қалбатау – Семей тасжолында автокөліктерді тексеру барысында Жарма ауданы тұрғынының көлігі тоқтатылған. Ол ет тасымалдамақ болған. Малды цифрлық чиптеу тергеу аясында ет өнімдерінің иесін анықтауға көмектесті. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар аймақ тұрғындарына тиесілі 26 жылқыны ұрлады деген күдікке ілінген.
Мал ұрлығына жол бермеу үшін ІІМ қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынады:
- малды қараусыз қалдырмаңыз;
- GPS-трекерлерді орнату арқылы асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолданыңыз;
- малды чиптеуді ұмытпаңыз, бұл болашақта ұрланған малды іздеуге, сондай-ақ ықтимал дауларды шешуге көмектеседі.
https://kaz.tengrinews.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через