50 мың адам бұрынғы уақытты қайтарғысы келеді

50 мың адам бұрынғы уақытты қайтарғысы келеді
фото: https://pixabay.com/ru/

Елімізде уақыттың бір сағатқа өзгеруіне қарсы петицияға 50 мың адам дауыс берген.

E-Petition.kz ресми порталында жарияланған Қазақстандағы уақыт белдеуінің өзгеруіне қарсы петиция қарау үшін қажетті дауыс санын жинады.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-4-бабына сәйкес, 50 ​​мың қол жинауына байланысты петиция өз құзыреті бойынша қарау үшін сауда және интеграция министрлігіне беріледі.

Сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-5-бабына сәйкес өтінішті қарау мерзімі ол тіркелген күннен бастап 40 жұмыс күніне дейін екенін хабарлады.

"Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестік өкілдерін қамтитын жұмыс тобын ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заң талаптарына сәйкес жүргізіледі", - делінген хабарламада.

ҚазАқпарат