фото: https://pixabay.com/ru/
2050 жылдың соңына қарай Қазақстан халқының саны 26,3 миллион адамға жетеді. Бұл туралы 2023 жылдың қорытындысы бойынша демографиялық процестерге талдау жасаған Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры хабарлады.
Мамандардың болжамы бойынша елдегі өмір сүру ұзақтығы мен қарттардың үлесі артып келеді.
"2050 жылдың соңына қарай халық саны 26,3 миллион адамға жетеді және орта есеппен әрбір алтыншы қазақстандық 60 жастан асқан болады", - деп жазылған БЖЗҚ хабарламасында.
Бала туу көрсеткіші де төмендеп келеді, 2050 жылға қарай бір әйелге 2,42 баладан келеді деп болжанып отыр. Туу көрсеткіші азайып, өмір сүру ұзақтығы артқан сайын әрбір жұмысшыға түсетін жүк те ауырлай түседі.
Көші-қон көрсеткіші де төмендеген. UNFPA (БҰҰ-ның Қазақстандағы халықтың қоныстануы саласындағы қоры) мәліметі бойынша 2050 жылға қарай көші-қон сальдосы нөлге тең болады.
Еңбекке қабілетті халықтың зейнеткерлерге шаққандағы үлесі 2050 жылға қарай 1,4 есеге – 5,49-дан 4,05-ке дейін төмендейді. Бұл келешекте еңбекке қабілетті халыққа "жүктемені" айтарлықтай арттырады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через