Жыл сайын қыз алып қашуға қатысты 20-ға жуық қылмыстық іс қозғалады

Жыл сайын қыз алып қашуға қатысты 20-ға жуық қылмыстық іс қозғалады
фото: https://pixabay.com/ru/

2019 жылдан бері 214 қылмыстық іс қозғалып, оның 94,3%-і қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды

Қазақстанда қыз ұрлау фактісі азаймай тұр, деп хабарлады Ranking.kz.

Кейінгі бес жылда ҚР Қылмыстық кодексінің осы бабы бойынша жыл сайын орта есеппен 20-ға жуық қылмыстық іс тіркелді.

Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, өткен жылы елде осындай 18 қылмыстық іс тіркелген. Олардың үштен екісі немесе 12 іс оңтүстік өңірлерде, оның алтауы Алматыда болған. Ал екі жағдай елдің шығысында, батысында және орталығында тіркелді.

Бірақ қызды күйеу жігіттің үйінде мәжбүрлеп ұстап, бас бостандығынан айыру фактісі айтарлықтай төмендеген: 2018 жылдан бері 71-ден 13 оқиғаға дейін азайды.

Қызды некеге тұру мақсатында ұрлауға қатысты нақты статистика жоқ, өйткені бұл әрекеттер жасырын қалады.

2019 жылдан бері Қазақстанда қыз ұрлағаны үшін 214 қылмыстық іс қозғалған. Оның 94,3%-і қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Соттарға тек 10 іс жіберілді. 27 адам жауапқа тартылды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қазақстан Қылмыстық кодексіне әйелдерді мәжбүрлеп некеге тұру мақсатында ұрлағаны үшін жеке бап енгізу қажет деп санайды. Оның пікірінше, бұл ескерту қылмыс деңгейін төмендетуге тиіс. Бас прокуратура бастаманы қолдады. Бірақ әзірге заңдарға түзету қабылданған жоқ.

ҚазАқпарат