Жапонияда 180 поезд кешікті

Жапонияда 180 поезд кешікті
фото: https://pixabay.com/ru/

       Жапонияда ұмытылған сөмкеге бола 180-ге жуық пойыз тоқтап, кешігуге мәжбүр болды. Ұмытылған жүк Киото қаласындағы вокзалдан табылған. Расында ең танымал жапониялық Киото қаласында белгісіз сөмкенің иесі мүлкін ұмытып, тастап кеткен. Жоғалған рюкзактағы күдікті иероглиф жазулары жолаушылардың назарына ілікті. 

       Бұл жазу химиялық қосындылардың атауына ұқсаған. Оқиға орнына полицейлер келіп жетті. Олар сөмкенің ішін ақтарып, тексерген. Сол себепті тексеріс кезінде пойыз қозғалысы тоқтатылған болатын.

       Бірақ сөмкенің ішінен күмән тудыратын я қауіпті заттар табылмаған. Оның ішінде тек киім-кешек сынды қауіп төндірмейтін жеке заттар болған. 

       Кейін сөмке иесіне қайтарылып, пойыз қозғалысы жанданды. 

       https://kaz.nur.kz/